3674

Биыл жасы егде 15 жұп некеге тұрған

Бүгін еліміз бойынша барлығы да Халықаралық қарттар күнін тойлауда. Ол мерекеден астана да тыс қалған жоқ, таңертеңнен қаладағы мекемелер зейнеткерлер мен ардагер, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті.

Астана әкімдігінің ресми сайтының тілшілері аудандық АХАТ-пен байланысып, 60 жас және одан жоғары жастағы қанша жұбайлардың осы жылы елордада отбасын құрғанын сұрап білді.

Жергілікті тіркеушілер айтқандай, 2018 жылы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін астанада 60 және одан жоғары жастағы 15 жұп тіркеліпті.

Ең үлкен жастағы жұптар Есіл ауданында шаңырақ құрыпты. Жергілікті АХАТ қызметкерлері отағасының 74 жаста, ал жұбайының 69 жаста екендігін айтқан. Олар некеге екінші рет отырыпты. Ажырасқаннан кейін естері кіріп, өмір сабағын алды ма, қайтадан бас қосуды шешіпті.

Тізімде екінші жасы егде үйленген адамдар Сарыарқа ауданында тұрады. Мұнда 69 жастағы ерлі-зайыптылар АХАТ қызметкерлерінің айтуынша, некеге тұруға ұзақ уақыт ойланыпты. Олар үйленуге туған-туыстары мен жақындары үгіттеген соң ғана барып, тіркелген.

«Біз күн сайын түрлі жастағы, түрлі адамдарды көреміз. Жасы егде адамдар мұнда көтеріңкі көңіл-күймен келеді, өздерінің сыртқы келбетімен де, ұқыпты киініп келіп, қуаныштан жүздері бал-бұл жанып тұрғанын бірден байқайсың», - дейді Сарыарқа аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Бақытгүл Шайкенова.

Айта кетейік, бүкіл әлем бойынша бірінші қазан күні Қарттар күнін тойлайды. Бұл күнді 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жариялаған болатын.
БАҚ мәліметінше Қазақстанда 2 миллионға жуық зейнеткер бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109