Жұмыспен қамту орталығы 18,5 мың адамды жұмысқа тұрғызды
9 ай ішінде астанадағы Жұмыспен қамту орталығы 18 607 жұмыссызға жұмыс тауып беруге көмектесті, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
Оның 16 357 адамы – тұрақты жұмыс орнымен қамтылды, 2250 адам – уақытша жұмыс орны.
«Экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіп саласындағы жұмыспен 329 адам қамтылды, құрылыс – 437, көлік және қойма – 263, білім – 824, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет – 610, көтерме және бөлшек саудаға – 833 адам жұмысқа орналасты», - делінген ведомстваның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, жұмысқа орналасу бойынша сауалдармен Бейбітшілік 25, «Өркен» ІО мекенжайына немесе мына телефондарға қоңырау шалуға болады: +7 (7172) 57-85-41, 57-89-11, 57-86-95, 92-44-20, 26-65-19, 72-93-50.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz