«Кәсіпкерлерге кеңес беру» ашық есік күні өтті
3 қазан күні eлордада бизнес климатты жақсартуға, cондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге мақсатында Астана қаласы әкімдігі «Ұлжан» сауда базарында «Кәсіпкерлерге кеңес беру» ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Осы іс-шараға келесі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қатысты: Астана қаласының төтенше жағдайлар, қоғамдық денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер департаменттері, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, ҚБ «Кәсіпкерлік қызметкерлердің салалық кәсіподағының қалалық филиалы», «Астана - адалдық алаңы» жобалық офисі.
Аталған шарада кәсіпкерлер салық заңңамасы, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы бойынша кеңес алды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz