6242

Қазақстандық джиу-джитсерлер бразилиялық Әлем чемпиондарынан басым түсті

Елордалық «Дәулет» спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсуден елорданың 20 жылдығына арналған Астана кубогы үшін «Astana Jiu-Jitsu Cuр-2018» ашық республикалық турнирі мәресіне жетті. Турнир аясында екі қазақстандық чемпион Дархан Нартаев пен Нұржан Сейдуали бразиялиялық спортшылар Артур Ланеспен және Лукас Пинейромен күш сынасты. Жекпе-жектердің қорытындысы бойынша қазақстандықтар өз қарсыластарынан басым түсті.

Жарыста еліміздің барлық өңірлерінен 6 және одан жоғары жастағы мыңға жуық мықты джитсер бәсекеге түсті. Спорт біріншілігінің жүлде қоры  15 мың долларды құрады, қаржы абсолюттік салмақ санаттарында өнер көрсеткен спортшылар арасында бөлінді. 

7 қазанда жексенбі күні турнирдің ресми жабылу салтанаты өтті. Шара барысында абсолюттік санаттардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды, сондай-ақ жалпыкомандалық жарыстардың қорытындысы жарияланып, кубок иегері анықталды.

Жеңімпаздарға бас жүлделерді елордалық мәдениет және спорт басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасының Джиу-джитсу қауымдастығының Президенті Болат Мажағұлов табыстады. Болат Мажағұлов спортты дамыту Мемлекет басшысының саясатының басымды бағыттарының бірі екендігін және Астананың бүгінде қаржы және мәдениет орталығына ғана емес, сонымен қатар еліміздің спорт орталығына да айналғанын атап өтті.  

- Аталған спорт түрінде мүмкіндігіміз зор, джиу-джитсуға бет бұрған жастар саны күннен-күнге артып келеді. Мұны жарыстың бірінші күні байқаған боларсыздар. 6-дан 17 жасқа дейінгі 530 білекті жастарымыз татамиге шықты. Бұл балалар – біздің болашақ чемпиондарымыз, ел мақтанышы, – деді Болат Мажағұлов. 

Өткен апта қазақстандық джиу-джитсу үшін оқиғаларға толы болды. 4-5 қазанда «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан чемпионаты өтті. Онда 16 команданың сапында 300-ге жуық спортшы ұлттық құрамаға ену үшін бәсекеге түсті. Нәтижесінде, алдағы жылы Швецияда өтетін Әлем чемпионатында және басқа да халықаралық біріншіліктерде ел намысын қорғайтын үздік 48 джитсер анықталды.

«Astana Jiu-Jitsu Cuр-2018» Астана кубогы 6-7 қазанда өтті. Жарысқа қатысушылар үздік нәтижеге қол жеткізді. Турнир қорытындысы бойынша «QAZAQ BATYRY» командасы қола жүлде алды. «KAZAKHSTAN TOP TEAM» спортшылары күміс жүлде иеленді. Басты марапат – Астана Кубогы жарыста сарапқа салынған алтын медальдардың жартысына жуығын жеңіп алған «ALLIANCE KAZAKHSTAN» командасының джитсерлеріне бұйырды.

- Бұл жарысқа біздің командамыздың атынан спортшылар көп қатысты, 250-ге жуық. Жалпы алғанда, 70-тен аса алтын алдық. Өте жақсы, біз қуаныштымыз! Турнир жақсы, дғары деңгейде ұйымдастырылған, - деді «ALLIANCE KAZAKHSTAN» командасының негізін қалаушы Арманжан Рузахунов.

Турнир соңында бразилиялық джиу-джитсудың хас шеберлері Алан Финфоу мен Густаво Кампос өз жекпе-жектерін өткізді. Айқаста Густаво Кампос жеңіске жетті.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109