4914

700-ден аса жобаны астана бизнесмендері «Бизнестің жол картасы – 2020» шеңберінде қолдады

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы іске асырылғалы астана билігі «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорымен бірлесіп, жалпы 150 млрд теңгенің сомасындағы 709 жобаға қолдау көрсетті. Бұл туралы астаналық қордың филиал директоры Нұрсұлтан Абдолла астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қала активімен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, қор жұмыс жасағалы көптеген арнайы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізген. 

«Жыл сайын аталған бағдарламаға қатысушылардан ШОБ саны өсуде. Соңғы үш жылда субсидияланған жобаның саны 75 %, ал кепілдік берілгені – 28 % жетті. Бағдарлама жұмыс жасағалы 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды, 800 млрд теңгенің сомасында өнім шығарылды, салықтан бюджетке 46 млрд теңгеден аса қаржы түсті. Аталған бағдарлама астанада да, елімізде де ШОБ-тің дамуында үлкен роль ойнайды», - дейді Нұрсұлтан Абдолла.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында бизнес климатты жақсарту мәселесіне көбірек көңіл бөлген. Елбасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімін 2025 жылға дейін ұзартып, 20 мың жаңа жұмыс орнын құруды тапсырды.

Сондай-ақ кездесу барысында Бақыт Сұлтанов жыл басынан қолданыстағы ШОБ 9 пайыздан 106 мың бірлікке дейін өскенін хабарлады. ШОБ-тан бюджетке салық түсімі 300 млрд теңгені құрады (немесе жалпы салық төлемінен 45 пайыз түсім).  

«Астана бизнесті оңай жүргізу рейтингі бойынша ұлттық жеңімпаз атанып, Мемлекет басшысының арнайы премиясын жеңіп алды және 2050 жылға дейін ЖІӨ үлесінің 50 пайызын ШОБ қамтамасыз ету тапсырмасын мерзіміне бұрын орындады. Бүгінде мемлекет тарапынан жеке ісін ашқысы келетін адамдар үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынуда. Қазіргі Жолдау экспорттық әлеуетті және отандық тауардың ішкі нарығын іске асыруға қосымша серпін береді», - деді Б. Сұлтанов.  

Еске сала кетейік, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдаралмасы төрт бағытта жұмыс істейді, оның бірі бизнесті қолдауға бағытталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109