4842

Астанада әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурс орталығы таныстырылды

Әлеуметтік орталықтың қызметі әлеуметтік жұмысшылардың біліктілігін кәсіби түрде дайындауға, яғни заманауи еңбек нарығының талабына сай білім стандарттарымен үндес болуға бағытталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба ЮНИСЕФ-тің қолдауымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен іске асырылды.

«Өткен жылы біз әлеуметтік жұмысшылар съезін өткізіп, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңарттық. Мемлекет басшысының Жолдауында барлық меморгандардың қызметі қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға шоғырланып, соған бағытталуы тиіс делінген. Әлеуметтік орталықтың қызметі дәл осы әлеуметтік жұмысшыларды кәсіби біліктілікке дайындау, заманауи еңбек нарығымен қалыптасу стандарттарымен үндес шығуы керек. Әрине, соған сай жаңа формациядағы әлеуметтік қызметкерлер тек машықтанып қана қоймай жаңа технологияны да біліп шықты – бұл ұлттық ресурс орталығының негізі мақсаты мен қабылдаған міндеті болатын», - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова. Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный жетілдірілген әлеуметтік жұмыскер әлеуметтік-отбасылық саясатты іске асыруда маңызды құрал болатынын айтты.

«Әлеуметтік игілік проблемасын шешу үшін алдымен кедейлікпен күрестің қаржылай қосымша құралдарын дамыту қажет. Әлеуметтік көмектің жүйесі және Қазақстандағы әлеуметтік қызмет жетілдіріліп келеді. Осы салада бар назар мықты балалардың өмірдің қиындығына тап болатын сәттері мен кешенді әлеуметтік проблемаларға аударылуда. Біздің көзқарасымызша, кәсіби әлеуметтік жұмыс мемлекеттің барлық спектердегі әлеуметтік тәуекелдерін тиімді шешуге мүмкіндік береді», - деп сенеді эксперт. 

Ұлттық ресурс орталығының әлеуметтік жұмыс бойынша директоры Ләзат Нұрқатованың айтуынша, Орталықтың мамандары оқу-әдістемелік және талдау-сараптау жұмыстарымен айналысады.

«Таяу жылдары жоспарымыз бойынша ең үздік шетелдік практиканы зерттейміз. Бізде қазірдің өзінде өңірлік конференцияларға қатысу, симпозиум, әлеуметтік жұмысшыларды дайындауда алдыңғы қатардағы шетелдік орталықтармен бірлесіп жоба жасаған тәжірибелеріміз бар.  Қазір халықаралық әлеуметтік жұмысшылар қауымдастығымен өзара бірлесу бойынша курстар жүргізілуде», - деді ол. 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109