5483

Оқушылар жол жүру картасы арқылы мектепке кіреді және асханада төлем жасай алады

Қалалық білім басқармасы оқушыға арналған жол жүру картасы арқылы тамаққа және мектепке кіруге рұқсатнама беретін пилоттық жоба дайындауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Цифрландыру аясында білім басқармасы жүктемесі ауыр мектептерде тамақ үшін жол жүру картасын пайдалану пилоттық жобасын қолға алмақ.

Қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, әр оқушыда мектепке кіруге арналған карточка бар, ол турникеттен өткенде оның мектепке келгені белгіленеді. Оқушылар сол карта арқылы мектеп асханасында және жол жүру ақысын төлейтін болады.

Осылайша ата-ана баласының қай кезде не сатып алғанын бақылай алады.

«Терминал немесе онлайн түрде ата-ана жол жүру картасын толықтыра алады және балаға жеуге болмайтын тағам түрлеріне шектеу қою мүмкіндігі бар, яғни бала асханада ата-анасы шектеу қойған тағам түрлерін сатып ала алмайды. Төлем картадағы баланстан алынады, картадағы бірлік шешілген кезде ата-анаға хабарлама келеді. Асханада қолма қол ақшалай төлеу кезек тудырады, сол себепті де осы жүйе мектепке де, ата-анаға да ыңғайлы», - дейді Ә. Жанғозин.

Білім басқармасының ақпараты бойынша бұл пилоттық жоба қаладағы 27, 54, 59 мектептерінде бірер апта бұрын басталған. Ал бұл жобаны басқа да мектептерге енгізу мәселесі екінші тоқсаннан кейін шешіледі.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109