5074

«100 жаңа есім» жобасына үміткерлерді таңдау 25 қазанға дейін жалғасады

Астана әкімдігінде «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне арналған баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми  сайты.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның екінші кезеңіне үміткерлерді іріктеу басталған және 25 қазанға дейін жалғасады. Әр адам өзін немесе өзінің танысын жобаға қатысу үшін үміткер етіп тіркей алады. Ол үшін кәмелет жасқа толу және қоғамдық, шығармашылық еңбекте, не ғылыми қызметте жарқын жетістіктерге жетуі тиіс.  Үміткердің әр салада жеткен жетістігі қазіргі Қазақстанның бейнесін көрсетіп, елді танытуы шарт.  

Брифинг барысында республикалық жастар орталықтарының жетекшілері жобаның 2017 жылғы жеңімпаздары мен жұмыс жасап жатқандарын айтты.

«Біз жобаға студенттерді тартамыз, мысалы, біздің Иван Крепак. Ол былтыр мектеп оқушысы болған, ал қазір Назарбаев Университетінде және шетелде өзінің ғалыми жаңалықтарын таныстыруда», - деді «Қазақстан студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Түстікбаев.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының өткен жылғы жеңімпаздары өздерінің өмірлерінің қалай өзгергені туралы айтып берді. Қазақстанның волейболдан паралимпиялық жастар құрамасының капитаны Серік Есматовтың айтуынша, ол өмірдің қиындығына тап болған жандарға әрқашан көмек беруге тырысады.  

«Бұл үлкен жүректі бірақ аяғы жоқ жанның еңбегі. Мен мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға жиі қатыстым. Өзім сияқты тағдыры қиын жандарға көмек беруге тырыстым. Жобаға қатысқаннан соң менің өмірім өзгерді, менің әр айтқан сөзім, ісім салмақ ала бастады»,  -дейді Серік Есматов.

Ал, Голливудты бағындырушы жас режиссер Айдие Айдарбеков, бұл жобаға қатысуы  мүлдем күтпеген жағдай болды дейді.

«Мен бұл жобаға ойламаған жерден келдім. Жобада дауыс беру басталған шақта мен АҚШ-та оқуда едім. Жобаға қатысайын деген ой болмады. Ал біраз уақыттан соң адамдар «саған дауыс бердім» деп жазатын болды. Басында түсінбей жүрдім. Мен ауылдың баласымен Жақсы деген ауыл. Ауылымның адамдары мені осы жобаға қатысуға лайық депті де, сайтқа құжаттарды толтырып суретімді іліпті. Осылай күтпеген жерден. Бұл коммерциялық емес имидждік жоба.  Мемлекет сені ақшалай емес елге таныстыру арқылы қолдау білдіруде және өзгелерге үлгі ретінде алып отыр. Менің ойымша бұл өте дұрыс және алға ұмтылуға, жетістіктерге жетуіне құлшыныс береді», - дейді жас режиссер.

Айта кетейік, жобамен толық танысып және қатысуға өтініш қалдыру 100esim.el.kz сайты арқылы. Ұйымдастырушылар қазірдің өзінде жобаға қатысу үшін 50 өтініш түскенін айтты. Осы жылдың мақсаты – 120 жаңа есімді елге таныстыру.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109