5209

«Возрождение» неміс бірлестігі Президент Жолдауын талқылады

ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Альберт Раудың төрағалығымен «Возрождение» неміс бірлестігі қоғамдық қорымен кеңейтілген отырыс болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Отырыс шеңберінде Мемлекет басшысының Жолдауы тұрақты және мақсатты түрде бағытталған саясат, қарқынды дамушы экономикасы бар прогрессивті мемлекет құру, республикамыздың азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғаны айтылды.

Қатысушылар бизнесті қолдау шараларына көбірек қызығушылық білдіріп, дискуссияға түсті, себебі «Возрождение» ҚҚ негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамыту. Талқылау барысында қордың базасында тұрған этникалық кәсіпкерлікті дамыту мен аймақтық «Возрождение» бірлестігіне ұсыныстар енгізілді. 

«Мемлекеттің қолауының арқасында бірінші кезекте қолайлы инвестициялық климат құру, Қор Қазақстанның неміс кәсіпкерлері мен германдық бизнесмендер арасында кооперацияны дамытып, бизнес-платформа жұмысын құрып, жастар кәсіпкерлігін дамытуға белсенді түрде бірлесіп атсалыса алады», - деді ҚР Мәжіліс депутаты А. Рау.

Президент құжатында айтылған аграрлық кешенді қолдаудың мемлекеттік шаралары Қазақстандағы немістер үшін маңызды роль ойнайды. Себебі, қазақстандық неміс кәсіпкерлердің көпшілігін аграрийлер құрайды. Осыған байланысты, Қор аграрлық технология тарнсфері бойынша және ауылдықтардың аграрлық істі жүргізудегі заманауи принциптерін дамыту үшін Германиядағы серіктестермен жұмыс жасауға ұмтылу өзекті болып отыр.

«Мемлекет басшысы айтқандай жастар ел саясатының артықшылығына айналуы керек, әлеуметтік лифт платформасын құрып, келесі жылды Жастар жылы деп атауды ұсынды. Бұл стратегиялық мақсаттар толықтай Қордың жастармен жұмыс жасауымен ұқсас. Сондықтан отырыстың қатысушылары мемлекеттің жастар саясатын жаңғыртуын және оны барлық жағынан қолдауға дайын. Әсіресе өңірлерде облыстық «Возрождение» неміс қорының жанынан жастар неміс клубы құрылды», - деді Альберт Рау.

Талқылаудан кейін сөз алуға шыққандар Жолдаудың мемлекет алдында ғана емес, оны дер кезінде шешуді де ұсынды. Жаһандық қауіп-қатерге қарамастан әлемдік саяси процестер, экономикалық трансформациялары сауатты жүргізілген басшысы бар елдер тәуекелді мүмкіндікке айналдыра алады. Соның бірі - көп этностан тұратын біздің халқымыздың бірлігі.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109