7748

Астаналық балықшылардың ерекшелігі

14 қазанда балық аулау маусымының жабылуына орай, спорттық аулау бойынша 3-ші турнир өтті. Астана әкімдігі ресми сайтының тілшілері қызықты турнирге барып, қай жерден олжалы қайтуға болатынын және астаналық балықшылардың біраз ерекшеліктерін біліп қайтты. 

Турнирді «Қазақстан Республикасы балық аулау спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Астаналық филиалының базасында жұмысын іске асырып отырған «FFC Astana» әуесқойлар спорт клубы ұйымдастырды.

Балық спортының ерекшелігі мен оның жай балық аулаудан басты айырмашылығы туралы ҚР балық аулау спорт федерациясы астаналық филиалының басшысы Дастан Мұқашев айтып берді. 

«Біз «ұстап алдың – қайтадан жібер» қағидасын насихаттаймыз. Балық аулаудың осындай спорттық түрі – яғни біз мұнда көбірек аулауға тырысамыз, бірақ сонымен бірге балыққа қамқорлықпен қарауды насихаттаймыз. Жарыста жаттығып әрі аулаудан сайысқан соң, балықтарды еркіне жібереміз», - деді Дастан Мұқашев.

«FFC Astana» клубы фидерлік аймақта балық аулаушы ынталыларды біріктіреді. Ағылшындар ойлап тапқан фидерлік аулау турниріне қатыусушылардың айтуынша, таяуға дейін спорттың бұл түрі астаналықтарға онша таныс емес болған. Астанада балық аулаудан спиннинг танымал болған, елордалықтар жыртқыштарды аулағанды жақсы көреді. Бірақ Астанада ҚР балық аулау спорт федерациясының филиалы ашылғалы балық аулаудың осы түрін дамытуға тырысуда. Клуб басшысы Дастан Мұқашев фидерлік балық аулау Астананың ауа райына қолайлы, себебі желді күндері балықтарды тереңнен аулау қолайлы дейді. 

«Түп тереңнен балық ұстау – бұл фидерлік аулау. Бұл тереңнен қармаққа жем тастау арқылы ұстайды. Мұнда балықтың қармақты қанша рет қабуы есептеледі. Бұл спорттық бағыт. Қазір фидерлік балық аулау күннен күнге танымал болып келе жатыр. Келесі жылы Астанада республикалық ресми жарыс өтеді», - деді турнирдің осы түрінен жеңімпаз болған және «Рыбалкин ТВ» каналының видоеблогері Максим Опенкин. 

Жүлделі орындар келесідегідей болды: 1 орын – Максим Опенкин, 2 орын – Дастан Мұқашев, 3 орын – Әлібек Мұқашев. Жеңімпаздар ауланған балықтардың салмағы арқылы анықталды. Турнирдің ең үздік салмағы 2,02 килограмм, ең ірі балық 265 грамдық ақтабан балығы болды. Қатысушылар нәтиже айтарлықтай болмаса да соның өзі үлкен еңбекпен келгенін айтты. Балықшыларды астананың суық ауа райы да тоқтата алмады.

 «Біз сияқты балықшыларға ауа райы кедергі емес. Бұл нағыз спорт, турнир тек қатты найзағай мен боранда ғана болмайды», - дейді жеңімпаз.

Балықшылар нағыз спортшыны ешқандай кедергі тоқтатпайтыны туралы қызықты оқиғаларымен бөлісті.  

 «Бірде біз өзеннің жағасында екі тәуліктен аса уақыт қалып кеттік, себебі бізге ешқандай машина келе алмады. Сол жаңбырлы күні балықты молынан ауладық. Жаңбырдың астында екі күн қалып кеттік, киіміміздің бәрі малмандай су, тіпті палаткадан су өтіп кетті. Сол күн есімізде қалды», - дейді өзінің естелігін бөліскен Дастан Мұқашев.

Турнир Газ аппаратурасы ауданында өтті. Алайда қатысушылар қаланы бойлай ағып жатқан Есілдің барлық жерінен балықты молынан аулауға болатынын айтты. Айталық, 7 келіге дейінгі шортан, аққайран, тұқы, алабұға, көксеркелердің түрлерін аулай аласыз. Жаттығу барысында және жарыс кезінде де балықшылар ірі олжаға кенеліп жатады.  

«Әкімдік қазір жүзеге асырып жатқан бағдарлама бойынша жыл сайын өзенде балық көбеюде. Сол себепті қала шегіндегі өзен бойынан көп балық ұстауға болады. Десе де кейбір балықшылар алысқа кетуге тырысады. Олардың табиғатта оңаша қалғысы келетіні түсінікті, бірақ қаланың ішінде де сапалы әрі сәтті түрде балық аулауға болады», - дейді турнир жеңімпазы.

Федерация өкілдері маусымның тек фидерлік түрі жабылғанын айтты. Сонымен бірге, артынша астана тұрғындарының арасында танымал қысқы маусым ашылады. Қыста Астана құрамы жылтыр қармақ бойынша Қазақстан чемпионатына қатысады. Астаналық клубтың қатысушылары республикалық жарысқа белсене қатысып, Астананы балық аулаудың кем дегенде бір түрінен чемпион етіп шығаруға атсалыспақ.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109