4777

Астанада жарықдиодты әлем картасы пайда болды

Qazaq Geography ғимаратының маңдайшасында Қазақстан елін ерекше контурмен бөліп қойған әрі жарық шашып тұрған әлем картасы пайда болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Qazaq Geography 16 қазан 2013 жылы құрылған болатын. Бүгінде бірлестіктің 11 аймақтық өкілдігі бар, олар Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Бес жылдан кейін қоғамдық бірлестіктің командасы өздерінің мерейтойын қайта жөндеуден өткен Абай 22 ғимаратында атап өтті. Астана тұрғындары мен қонақтарын енді жарықдиодты әлем картасы көз сүйсінтіп тұратын болды. Картаның қақ ортасында Қазақстанның шекарасы сары түспен ерекше белгіленіп, жарық шашып тұр.

 «Картаның беті кедір-бұдыр, тәуліктің қараңғы кездері картаның шекарасы мен бірлестіктің маңдайшасы жанып тұратын болады. Ал Қазақстан карта ішінде көлемі үлкен шаммен және басқа түспен ерекшеленіп тұрады. Сондай-ақ,, карта арқылы ғимараттың бұған дейін және бұл орынның қазір қалай өзгергені бірден көзге шалынады. Біз ғимаратты барынша өзгертіп, қазіргі архитектураның жалпы көрінісімен бірігіп кеткенін қаладық. Инфрақұрылым ауысады, тротуралар кеңейтіледі. Күн жылыған кезде айналасына өсімдіктер мен жасыл желектер отырғызылады», - деді Qazaq Geography-дың PR-менеджері Жанна Рүстем.

 Жөндеу жұмыстарын қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109