3824

Астаналықтарға Жолдауда айтылған Президенттің бастамалары түсіндірілді

Об этапах реализации ключевых направлений, озвученных Главой государства в недавнем Послании, рассказали члены республиканской информационной группы в ходе встречи с общественностью, передает официальный сайт столичного акимата.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған басты бағыттар туралы республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері жұртшылықпен кездесіп айтып берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың басшылығымен республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру бойынша қала тұрғындарымен кездесті.

Жиынға үкімет мүшелері, депутаттар, елордалық білім және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, Астана қаласындағы ЖОО-ның және колледждердің студенттері қатысты.

«Үкіметтің шешімімен Жолдауды түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобы құрылған, оның құрамына үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіріп отыр. Айтылған ұсыныс, өтініш бәрі хаттамаға кіреді», деді әкім орынбасары.

Қатысушыларды еңбекақы мен пәтер алу мәселесі толғандырды. Осы сұрақтарға Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов жауап берді.

«Жолдауда халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге баса назар бөлінген, оның ішінде еңбекақыны өсіру. 1  қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге өседі. Қазір ол 28 284 теңге болса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан 42 500 теңге болады. Бұл өзгеріс бірінші кезекте мемлекеттік және жекеменшік сала қызметкерлерін қамтиды. Орташа есеппен олардың жалақысы 30 % өседі, яғни қазір қанша алып жүр соған 30 % қосылады. Жалпы еңбекақыны өсіруге жылы 86 млрд керек», - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Даленов.

Кездесу барысында спикерлер білім, медицина салалары мен ШОБ-тің дамуын жақсарту мақсатында жүргізілетін реформалардың жүзеге асуы туралы да айтты.  

Ермек Аманшаевтың айтуынша, осы жылы электронды құжатқа көшу толығымен аяқталады. Қазірдің өзінде пилотты мекемелерде құжаттың 93 % электронды жүргізіледі.

«Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан барлық емханалар мен ауруханалар электронды құжат айналымына көшеді», - деді Е. Аманшаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Жолдаудың басты басымдық тетіктері талқыланып, осы Жолдауда көтерілген бағдарламалардың орындалуы халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге, жақсартуға сеп болатыны айтылды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109