Астана бюджетінің 45 %-ы ШОБ-тен түседі
Астанадағы бизнес климат туралы қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру бойынша құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобының халықпен кездесуінде айтып берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу пікір алмасу еркін форматында өтіп, онда әр адам өз ойы мен көзқарасын айтты.
«Елбасы Жолдауында бизнес климатты жақсартуға баса назар аударды, оның ішінде аймақтар деңгейінде жұмысты күшейту айтылды, әрине ол жеке кәсіпкерліктің дамуына мол мүмкіндік береді. Жалпы жыл басынан бері ШОБ субьектілері 105,8 мың бірлікке 8,9 %-ға өсті. ШОБ субьектілерінен түсетін салық шамамен 297,2 млрд теңге немесе бюджеттің 45 %-ы», деді Е.Аманшаев.
Айта кетейік, Астана бизнесті жеңіл жүргізудің ұлттық рейтингінде көш бастап, Мемлекет басшысының 2050 жылға дейін ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 50 % жеткізуді қамтамасыз ету бойынша міндетті мерзімінен бұрын орындап Елбасының арнайы премиясына ие болған.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz