6237

Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында Елордалық ТЖД салтанатты іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаев 1995 жылы 19 қазанда Мемлекеттің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органның құру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл төтенше жағдайлардың жою мен алдын алудың тиімді жүйесін құруда бастама сәті болды.

Құтқарушылар күніне орай Астана қаласы ТЖ департаментінде ауқымды іс-шаралар жүргізіледі. Бұл спорттық, салтанатты іс-шаралар, Ашық есік күндері, мұражайға бару және т.б.

19 қазанда ескерткіші орнатылған № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болғандар азаматтық қорғау қызметінің қызметкерлері құрметіне салтанатты гүлшоғын қою рәсімі өтті. 2016 жылы естелік саяжолында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болғандардың құрметіне ескерткіш орнатылды, олардың есімдері мықты, ержүрек батырлар ретінде есте сақталып қалады. Қаза болғандарды еске алу үшін тек қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар бала-бақша, мектеп балалары да келді. Балалар үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайының меңгерушісі Құралай Камелова қызықты да танымдық экскурсия жүргізді.

Осы күні Астана қаласы ТЖ департаментінде салтанатты жиналыс өткізілді. Салтанатты іс-шараға азаматтық қорғау ардагерлері, астаналық горнизонның басшылары, жеке құрамы, аудандық әкімдігінің өкілдері қатысты.  

Іс-шараны Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев құттықтау сөзімен ашты. Құттықтау баяндамасында Азаматтық қорғау басқармасының орынбасары Қахарман Оразалин табиғи және техногенді ТЖ алдын-алу және жою, азаматтық қорғау саласындағы, азаматтық қорғау қызметкерлерінің жеткен жетістіктері туралы айтып өтті. Жаңадан азаматтық қорғау қызметіне қабылданған жас қызметкерлер ант қабылдады.

Кәсіби мереке қарсаңында төтенше жағдайларды алдын-алу және жою мемлекеттік жүйесін нығайту және дамытуға қосқан үлестері үшін, Қазақстан Республикасында тіршілікпен қамтамасыз етуде жеткен жетістіктері үшін ерекшеленген қызметкерлер ведомстволық марапатпен марапатталды.

Также кроме сотрудников Барат Дузакбаев наградил Артема Карева медалью за участие в спасательной операции и спасение ребенка. Напомним, Артем Карев 25 сентября спас ребенка от падения с окна 10 этажа, тем самым предотвратил трагедию.

Сонымен қатар Барат Дұзақбаев баланы құтқарған және құтқару операциясына қатысқаны үшін Артем Каревты медалмен марапаттады. Еске салсақ, Артем Карев 25 қыркүйекте 10 қабаттан бала құлауын алдын алды.

Құтқарушылар күніне орай қызметкерлердің балалары арасында сурет салу сайысы жарияланған болатын, сол сайыстың нәтижесі бойынша қызметкерлердің балалары марапатталды.

Салатанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Астаналық құтқарушылар тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамсыз етіп, астаналықтардың өміріне қолайлы, қауіпсіз өмір сүруге үлестерін қосуда. Оның дәлелі құтқарылған бірнеше адам өмірлері мен мүліктері. Бүгінде біз мақтанышпен елімізде төтенше жағдайларды алдын-алу мен жоюда жоғары деңгейде мәселелерді шешетін мықты, жедел ден қою жүйесі құрылған деп айта аламыз. Күн сайын біздің құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кәсібиліктері артып келеді деп айта аламыз. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз Отанға деген қызметіңіз адал болсын демекпіз.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109