10280

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында капсулды отель ашылды

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Т1 терминалында «Caps Lock» капсулды отелі ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Ұйықтауға арналған капсула жапон технологиясымен жасалған. Мұнда қонаққа жайлы қажеттінің барлығы бар: smart-TV, жеке сейф, LED-жарықтандырудың түрлі түсі, розетка, USB зарядка, кітап оқуға арналған кішкене үстел, вентиляция, кондиционер, өртке қарсы жүйе, күнсағат және ең бастысы таза ақ жайма төселген және жеке гигиена құралдары бар ыңғайлы ортопедиялық кереует.

Отельде барлығы келушінің магнитті смарт картасы арқылы басқарылады. Онлайн режимде қонақтар планшеттен өзінің келе жатқан рейсінің статусын біліп отырады. Мини-отельде шайынатын душ пен дәретхана да қарастырылған. Ұйқыдан оянған соң қонақтар минибарды пайдаланып, кофе немесе шайға тапсырыс бере алады.
Отель 10 орынға есептелген, ол жерде 1 сағатқа қонып шығу – 1500 теңге, келесі сағаттан бастап – 1000 теңге. 7 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен бірге тегін қонады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109