6174

Мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілеріне Елбасы Жолдауы түсіндірілді

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы негізгі ережелерді насихаттау және түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ақпараттық-насихат тобы Есіл ауданында Жолдауды түсіндіруге бағытталған екі кездесу өткізді. Бірі «Есіл» аулаішілік клубта, екіншісі қарттарға арналған «Арман қала» шағын-орталығында.

Кездесу барысында Елбасының биылғы Жолдауының өткен жылғы Жолдаудан ерекшелігі мен артықшылығы айтылып, білім беру ордаларына және білім саласында еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың еңбекақы табысының қалай өсетіні туралы және тұрғын үймен қалай қамтылатыны, мектептердегі қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді.

«Қазақстан Президенті ел халқына арнаған биылғы Жолдауында оқытушылардың беделін асырудың маңыздылығын атады. Жылдың бас құжатында Елбасы алдағы жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл тұрғыда мұғалімдер де озық технологияны меңгеріп, білімін жетілдіріп, тәжірибесін арттырып отыруы қажет», - деді республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Жайна-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Еркетаев.

Ал өз кезегінде спикер Құралай Абеуова мектептер де қазірдің өзінде атқарылып жатқан істер жөнінде және «Педагог статусы туралы» Заң қабылданса ұстаздар қауымының жұмысы әлдеқайда жеңілдейтінін айтты.

«Мемлекет басшысы өзінің кезекті жолдауында үш ауысымда оқитын, не болмаса мектептерде орын жетіспеу мәселесін Үкіметке шешуді тапсырды. Сонымен қатар, Президент мұғалімдерге мектептің жұмысынан тыс жүк артпау керектігін баса айтты. Қоғамда ұлағатты ұстаздардың мәртебесін көтеру қажет», - деді Құралай Абеуова.

Себебі ұстаздар қауымы тек балаға тәлім-тәрбие, білім берумен айналысуы тиіс. Енді Заң қабылданса мұғалімдерге өздерінің қабілеттері мен құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, «Есіл» аулаішілік клубы 2012 жылдан қолданысқа берілген. Онда түрлі үйірмелер мен секциялар ашылған. Мысалы, бокс, дзюдо, каратэ, хореография, домбыра, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді. Қазіргі таңда клубқа 300-ге таяу бала келеді. Ал, қарттарға арналған «Арман қала» шағын орталығы осы жылы ашылған. Жалпы аудан аумағында осындай 12 орталық жұмыс істеп тұр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109