4710

Астананың ең үздік деген әлеуметтік жобалары аталды

Астанада VIII Қалалық азаматтық форумда әлеуметтік жобалар байқауының қатысушыларын марапаттады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жеңімпаздар қатарында 10 ҮЕҰ бар, оның ішінде «Қазақстан әйелдері» қауымдастығы, Ағабек Қарабеков атындағы қоғамдық қор, «Сo - Make» ҚҚ, «Оңалту технологиялары және концепция» ҚҚ, «Семей – ЯП» ҚҚ, «Ардагер» ҚБ, Мүгедек жастар бірлестігі және басқалары.

 «Қазақстан әйелдері» қауымдастығы «Өміріңді сақта» жобасы шеңберінде педагогтарды ақпараттандырудың деңгейін көтеруді жоспарлауда, ал ата-аналарға жасөспірімдердің аутодеструктивті және суицидті мінез-құлқын ескертуді қолға алмақ. Ал «Ардагер» ҚБ «Скандинав жүрісі – семіздік пен ауруға қарсы жаңа панацея» жобасы шеңберінде жасы егде тұлғалардың өмір сапасын көтеруді жоспарлауда.

Оңалту технологиясы және концепция қоғамдық қорының директоры Орынбасар Құлжабаева қордың базасында 8 мың адам тіркелгенін, оның 3 мыңы жұмыспен қамтылғанын айтты.

 «Соңғы екі жылда «кәсіпкерлік қызметін кеңейту және жұмыс орындарын құру» бағыты бойынша жұмыс жасаудамыз. Бізде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 99 адам өз ісін ашты. Осы жылы тағы да 35 адам өз ісін бастады. Сондай-ақ біз тұлғаларды әлеуметке бейімдеумен айналысамыз. Бұрын сотталғандар дайындықсыз шығады да жұмысқа тұруы қиындайды. Көбісінің баспанасы жоқ. Біз осы бағытта оларға жұмыс табуға көмектесуге, көбірек жұмыс орнын құруға ұмтылып жатырмыз. Біз құжаттарын қалпына келтіруге, оқытумен, 39 мектепке кешкі оқуға жібереміз. Құқықтық, психологиялық көмек көрсетеміз. Жыл басынан бері бізге 800 адам көмек сұрап келді», - деді О. Құлжабаева.

Ол сондай-ақ қордың «Кәсіпкерлерге арналған жемісті қамту мен бұрынғы сотталғандарға жұмыс орнын құру» жобасын іске асыруға кіріскенін хабарлады. Жобаның мақсаты – бас бостандығынан айрылып, жазасын өтеп шыққан тұлғалар арасында өзін өзі жұмыспен қамтуды құру.

«Бұл жаңа әлеуметтік  класс болмақ – босап шыққан адамдар ештеңеге мұқтаж болмай өздері жұмыс орнын ашып, жұмысқа басқа адамдарды тұрғызады. Бұл ізбасарлар мен волонтерларды дамытуға сеп. Біз перспективалы 300 жұмыс орнын ашқымыз келеді»,  - деп түйіндеді ол.

Өз кезегінде «ДОС» тәуелсіз орталығы» мүгедектер ҚБ атқарушы директоры Қарлығаш Танабекова мүгедектерді адамдармен араласуға үйретудің маңызды екенін айтып өтті.

«Біз мүгедек адамдарды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылданғанын қалаймыз. Бізде жақсы жоба бар – мүгедектерді түсіну сабақтары. Барлық мектепке мүгедек адамды көргенде онымен қалай сөйлесіп, өзін қалай ұстау керектігі туралы қосымша сабақ енгізілгенін ұсынамыз. Біз мұны бірыңғай сабақ ретінде 1-ден 11 сыныпқа дейін лекция түрінде оқуды қарастырып жатырмыз», - деді Қ. Танабекова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109