5744

Астана мен Сингапур әріптестікті кеңейтуде

Бейсенбі күні Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Сингапурдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зулкифли бин Бахарудинмен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет басшыларының қолдауының арқасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту үшін барлық жағдай жасалғанына тоқтала кетті.   

Б. Сұлтановтың айтуынша, Астана әкімдігі Сингапурмен іскерлік әріптестікті кеңейтуге үлкен мән беріп отыр. Екі ел арасында менеджмент саласында тәжірибе алмасу орнатылды. 2016  жылы қаңтарда № 2 индустриалдық паркте сингапурлық «Jurong Consultants» компаниясы әзірлеген мастер-жоспардың таныстырылымы өткен болатын. 

 «Қазір біз ірі қалалардың даму тәжірибесін зерттей отырып, «Қазақстан – 2050» стратегиясымен жұмыс жасап жатырмыз. Сингапурдың тәжірибесі бізге өте пайдалы әрі үлгі боларына сенімдімін. Егер сіздің осы салада сарапшылармен әріптестік бойынша идеяларыңыз бен ұсынысыңыз бар болса, біз олармен кездесіп, әріптес болу мүмкіндігін талқылаймыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ Б. Сұлтанов Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысы басталғанын, оның Қазақстанда қаржы инфрақұрылымының ядросына айналатынын мәлімдеді. Астана әкімі Сингапурдың қаржы және инвестициялық институты АХҚО жұмысына қатысады деп үміттенетінін айтты.

2019 жылы 9-13 қыркүйекте Астанада қалалық туризм бойынша VIII ЮНВТО саммиті және ІІ Жібек жолы елдеріндегі қала мэрлерінің форумы болып өтеді. Осыған байланысты Бақыт Сұлтанов Сингапурды жоғары деңгейде өтетін аталмыш шараға қатысуды шақырды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109