2822

Сарапшылар Астана азаматтық форумының жұмысына баға берді

Астанада VIII Азаматтық форум өтті, онда азаматтық қоғам мен мемлекеттің тиімді әріптестігі қаралды. Сарапшылар Астана әкімдігі ресми сайтының тілшілерімен форумның қорытындысы туралы пікірлерімен бөлісті.

 «КАМЕДА» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова Азаматтық форумның қорытындысы бойынша билік өкілдерінің бастамасын бөлек қарастырды.  

«Жергілікті меморган үшін бұл жай ғана емес, маңызды шара болды. Астана әкімі мен Қазақстанның Қоғамдық даму министрі залдағы сұрақтардың тең жартысына жауап берді. Осы азаматтық форумға дейін мемлекеттік биліктің талай істерді атқарғаны байқалып тұрды», - деді М. Еспенова.

Дәл осы сәтті «Астана қалалық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Арман Нұрғазин де қуаттайды.

«Ең бірінші кезекте адамдар қоғамдық даму министрлігінің астанадағы азаматтық қоғамның жұмысына қызығушылық білдіргенін көрді. Дархан Калетаев Астана үшін көптеген қызықты тірек нүктелерін анықтады. Әкім Бақыт Сұлтановтың қатысуы да азаматтық қоғамның дамуына мүдделі екенін көрсетті. Оның бізбен кері байланыс күтетіні байқалды. Жуырда ғана жаңа лауазымға келген адам үшін азаматтық қоғаммен әңгіме құру батыл қадам. Бұл дегенің біздің Астана әкімінің ашықтығын, Президент Жолдауынан кейін мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен жақын жұмыс жасау керектігі де айтылды. Бақыт Сұлтанов  шын мәнінде азаматтық қоғаммен әріптес ретінде жұмыс істеуге дайын екенін дәлелдеді», - деді Арман Нұрғазин. 

Ол сондай-ақ форумда көптеген қызық идеялардың айтылғанына да тоқтала кетті.

«Бұл форум – бұрынғыларына қарағанда анағұрлым жемісті болды». Жалпы, алған әсеріміз жақсы, соған сәйкес нәтижесі де оң болады», - деп қоса кетті Арман Нұрғазин.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109