3712

Байқоңыр тұрғындары аудан әкіміне өздерінің мәселелері туралы айтты

Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында азаматтарға қабылдау жүргізді. Әкімнің жеке қабылдауына келген азаматтар аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру, ПИК-тің жұмыстары, жолдардың сапасы, аулаларды абаттандыру сияқты түрлі мәселелерді көтерді.

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында азаматтарға жеке қабылдау өткіздім. Қабылдау барысында тұрғындар апатты үйлерді бұзу, ПИК-тің нашар жұмысы, аулаларды абаттандыру, үйлердің қасбеттерін жөндеу, жолдарға тас төсеу, көшелерді жарықтандыру сынды мәселелерді көтеріп жатты. Әлбетте, барлық өтініштер назарға алынып, қадағаланатын болады», деп жазды аудан әкімі фейсбуктегі ресми парақшасында.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ерлан Каналимов ҚР-ның Заңнамаларын түсіндіре отырып, айтылған мәселелердің мән-жайын анықтау үшін орындарға баруды да жоспарлап қойғанын айтты.

Айта кетейік, аудан әкімі жеке мәселелермен азаматтарды қабылдауды әр айдың үшінші бейсенбісі, сағат 15:00-де өткізіп отырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109