3217

Сарыарқа ауданы әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Тұрғындар көтерген барлық мәселені Арман Тұрлыбек жеке өзінің бақылауына алды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін азаматтарға жеке қабылдау өткіздім. Көпбалалы ана Гүлзада Абдраманова гаражын сүріп тастау мәселесі бойынша келіпті. Асылхан Қабыловпен үйін қалай су басып кетпеу керектігін талқыладық. Азамат Асриевті Қосшығұлұлы 22/2 мекенжайындағы ауланы абаттандыру және шатырды жөндеу мәселесі алаңдатады. Төленді Хайдаров Суворов көшесіндегі гүлзарды көгалдандыру және жарықтандыру бойынша ұсыныспен келген. Мақсат Көпбаев кәсіпкерлік жүргізу үшін жалға жер алу, Шолпан Есбаева өзінің азық-түлік дүкеніне алаңдаулы болса, Талғат Айтмұхаметов пен Арман Тұяқпаев жағалаудың бойына мұз құрылысын салу туралы ұсыныспен келіпті. Олардың таныстырылымын да қарап шықтым», - деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі А. Тұрлыбек өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Тұрғындар көтерген барлық мәселені Арман Тұрлыбек жеке өзінің бақылауына алды.

Сарыарқа ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдауды әр бейсенбіде, сағат 16:00-де ешқандай алдын ала жазылусыз қабылдау жүргізіп отырады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109