3007

Астаналықтар мемқызметті саусақ таңбасы арқылы ала алады

Биометриялық мәліметтер базасына пайдаланушыны тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, деді астана әкімдігінің ресми сайты.

«Биометриялық мәліметтер базасы арқылы мемлекеттік қызмет алудың механизмі тұлғаның пайдалануы және қызмет алушының саусақ таңбасы арқылы мемлекеттік қызмет пен ХҚКО және электронды үкіметтің порталынан жеке төлқұжат пен ЭЦҚ көрсетпей-ақ алады. Биометриялық параметрлер пайдаланушының ақпараттық жүйені авторизация және аутентификация жасауына арналған», - деп жазды «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Мұрат Жұманбай өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Қазіргі таңда мемкорпорация «НИТ» АҚ бірлесіп пилоттық режимде Астана мен Алматыда мемлекеттік қызметті биометриялық механизммен іске қосуды жоспарлап отыр.
«Биометриялық мәліметтер базасын пайдаланушыларды тіркеу ерікті түрде жүзеге асырылады. Содан кейін ғана олар өзі туралы ақпаратты мемқызмет алу үшін пайдалана алады», - деді М. Жұманбай.

Оның айтуынша, биометриялық идентификацияны енгізу қазақстандықтарға мемлекеттік қызмет алуды жеңілдетеді, бөтен құжатты алудың тәуекелін азайтады. Тіпті қазірдің өзінде Қазақстанның қаржы секторы қызмет алуда биометриялық идентификацияны сәтті пайдаланып жатыр. Кейбір банктің мобильді қосымшаларына саусақ таңбасы арқылы кіруге болады.

«Болашақта барлық қаржы секторы үшін бірыңғай база енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109