6163

Қазақстанның үздік мотиваторлары табыс құпияларымен бөлісті

Елордалық жастар бейресми түрде Қазақстандағы ең үздік спикерлер, белгілі экономистер, спортшылар, бизнес-тренерлермен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуде мотиваторлар білім берудің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Менің осы сахнада тұрғаным – менің нәтижем. Өмірге де, аяғыма да шағымданбаймын, мен жай ғана өмір сүріп жатырмын. Белгілі бір биіктерге жетіп, тәуелсіз еліміздің тұрғындарына қолымыздан көп нәрсе келетінін көрсеткім келеді. Жеке тұлға ретінде біздің мүмкіндіктеріміз шексіз. Физикалық түрде мүмкіндігім шектеулі болғанымен, рухани мүмкіндігім шексіз. Мен аяғымнан айырылсам да өзімнің әлеуетімді ашып, жан дүниемде ауқымды кеңістіктің есігін айқара аштым», – деді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, волейболдан паралимпиадалық құраманың капитаны Серік Есматов.

Белгілі тележүргізуші және табысты кәсіпкер Динара Сәтжан қызығушылық - мақсатқа жетудегі негізгі стратегия екенін атап өтті.

«Мен өз өмірімде және мансабымда қолданатын стандартты емес стратегиялар туралы айтып бергім келеді. Менің әрдайым сүйенетін принциптерімнің бірі – қызығушылық принципі. Адам әрқашан әр түрлі салаларда өзін-өзі дамытуы керек. Бір құдықтан су ала беруді тоқтатпасаңыз, күндердің күнінде су таусылады. Ал жаңа білім мен шексіз таным сіздің қосымша құдығыңыз іспетті», – деді Динара Сәтжан.

Білім, өзін-өзі бағалау, дамыту сияқты мәңгілік құндылықтардан басқа, қатысушылар инновацияның маңыздылығын да ұмытпады.

Танымал актер және вайнер Нұрлан Батыров ғаламтордың жастардың өміріндегі алар орны туралы сұрады. Іс-шараның қонақтары: «Ғаламтор – байланыс құралы, әлеуметтік желілер, ақша табудың заманауи тәсілі және үздіксіз ақпарат ағыны», – деп жауап берді.

«Менің баяндамамның тақырыбы – жастардың эволюциясы. Жеке тұлға ретінде қалай дамуға болады? Қорқыныштарды қалай жеңу керек? Сіздер үшін ғаламтор дегеніміз не? Мен үшін бұл ең алдымен – білім. Жастар көп уақытын ғаламторға жұмсайды, яғни өзін-өзі дамытуға көңіл бөледі, пайдалы ақпараттар оқиды», – деп атап өтті танымал актер, вайнер, шоу-бизнес өкілі және форум спикері Нұрлан Батыров.

Аймақтық Jastar Jalyny форумы түрлі салалардағы 20 спикердің басын қосты. Мотиваторлар әлеуметтік даму, бизнес, мәдениет және спорт саласы, жастар мен ақпарат ағынындағы жастар туралы ойларымен бөлісті.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі мен «Қазақстан студенттерінің альянсы» студенттер ұйымы ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109