4745

Динара Сәтжан жастарды бәрін білуге және жауапкершілікке шақырды

«Jastar Jalyny» форумында Динара Сәтжан өзінің жетістікке жету жолы туралы және жетістікке жетем деген адамның бойында қандай қасиеттер болуы керектігін айтты.

Ең алдымен ол сөзін Стив Джобстың Стэнфорд университеті студенттерінің алдында сөйлеген сөзімен бастады.

«Көп адамдар өзінің арманына жеткен соң болдым, толдым дейді. Мұны неге айтып тұрмын. Сіздер мені тележүргізуші, журналист ретінде білесіздер. Мен көп жылдар жаңалықтар қызметінде жұмыс жасадым. 16 жасымда мен «Хабар» телеарнасының тележүргізуші болуды армандадым. Тура 10 жылдан соң менің арманым орындалды. Менің жасым 26-да еді. Мен арманыма 10 жыл жүрдім. Арманыма жеткен соң болдым деп 30-40 жыл тележүргізуші болып жүруіме болар еді. Бірақ маған ол аздық етті. 2009 жылы мен Аида Қауменовамен таныстым және бір жылдан соң сауда саласында еш тәжірибем болмаса да «Керуенде» СҮ алғашқы дүкенімді ашуға бел байладым», деді ол.

2015 жылы ол өзінің танысымен жұлдыздарға арналған бутик-отель ашқан. Бірақ ол тележүргізушілікті, fashion- индустрияны тастамаған.

«Мен әрқашан ізденістемін, жастардың да ізденісте болғанын қалаймын. Сол себепті әр күн сайын бір дүниені үйренуге тырысыңдар, өмірде бәрі қажетіңе жарайды», деді эксперт.

Ол жастардың барлығына күнделік бастауға кеңес берді, онда күн, апта, ай, жыл, өміріңді жоспарлайсың. Себебі ол әр күн жетістікке бастар қадам болуы керектігіне сенімді.  

«Тек өздеріңе сеніңдер. Саған сенімді серік тек өзің. Менің табысты жолым бұл – еңбекқорлық, ұқыптылық, мақсат, табандылық, адамдармен қарым-қатынас жасау және жауапкершілік», деді Д. Сәтжан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109