Астанада бәсекелестік және тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған дөңгелек үстел өтті
Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Астана қаласы бойынша ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментімен бірлесіп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Р. Ахметованың тапсырмасы шеңберінде, бәсекелестік пен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заң нормаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел болып өтті.
Жиынға бөлшек сауда қызметін көрсету саласындағы кәсіпкерлік субъектілері, сауда орталықтары мен базарлардың әкімшілігі, сауда қызметін көрсететін басқа да субъектілер, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Ішкі істер департаментінің өкілдері қатысты.
Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заң нормаларын бұзуға жол бермеуге және оны сақтау туралы кеңінен түсініктемелер берілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz