1743

Жыл басынан бері елордада өнеркәсіп өнімінің көлемі 165 млрд жуық теңгені құрады

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 165,6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, аталған кезеңде өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейге қарағанда 104,2% болды.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгеймен салыстырғанда 4,9% өсті және қолданыстағы бағамен 126 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі металлургия өнеркәсібінің, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру, сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндірісінде байқалады.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен цемент, бетон немесе жасанды тастан жасалған тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және ұқсас бұйымдар (111,6%), тауарлы бетон (109,2%) өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді.

2015 жылғы қаңтар-тамызда электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнім (тауар, қызмет) көлемі 34,3 млрд теңгені құрады, аталған кезеңдегі нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 102,5% болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109