3033

Астаналық құтқарушылар «Қыс-2018» оқу-жаттығуын өткізеді

Астана қаласы ТЖ департаменті «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

1 және 2 қараша күндері Астана қаласы ТЖ департаменті қала аумағында 2018-2019 жж. қысқы кезеңде төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыруға дайындық бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовтың қатысуымен «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді.

Шара мақсаты - қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою үшін қалалық азаматтық қорғау жүйесінің дайындығы мен мүмкіндік деңгейін арттыру.

«Қыс-2018»  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы 5 оқу алаңында өтеді.

«Қыс-2018» РКШО жүргізу жоспарына сәйкес Астана қаласының жедел әрекет ету жасағының дайындығы тексеріліп, қабылдау, жылыту пункттерін орналастыру, медициналық және психологиялық көмек көрсету, автокөлік жолдарынан жолаушыларды эвакуациялау, балықшыларды құтқару және медициналық көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер көрсетіледі, сонымен бірге жылыту трассасында аварияны жою бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығулар жүргізіледі.

Жалпы оқу-жаттығу жиынына 31 бірлік техника мен жеке құрамның 125 адамын жұмылдыру жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109