3711

IKomek қалалық қызметтердің тиімділігін арттырды

ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері iKomek мониторинг және жылдам әрекет ету орталығына барды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

iKomek орталығы келіспеушіліктерді уақтылы жоюмен қатар, Астананың тіршілігін мұқият бақылап, талдау жүргізеді. 2018 жылдың басынан бері орталыққа шамамен 700 мың қоңырау келіп түсіп, олардың 77 % бірден шешілген.

«2018 жылдың қаңтарында iKomek орталығы пайда болғаннан бастап жергілікті атқарушы орган мен қалалық қызметтердің жұмысы айтарлықтай жандана түсті. Сондай-ақ бұл бастама билік органдарының ашықтығын және Астананы өмір сүру үшін ыңғайлы әрі жайлы қала жасауға дайын екенін көрсетеді», – деп атап өтті қалалық орталықтың жетекшісі Жаннат Дүбірова.

Орталықтың тұсаукесері мен бөлімдерді таныстыру барысында қонақтар бірыңғай қалалық бейнебақылау жүйесі мен талдау орталығының қызметі бар 109 зияткерлік байланыс орталығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, орталықтың одан әрі дамуы мен келешегі талқыланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109