3721

Астаналық хаб мемлеттік қызмет саласындағы географиялық серіктестіктің ауқымын кеңейтеді

Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының өкілдері Македония Республикасының ақпараттық қоғам және басқару министрлігімен бірлесіп, «Мемлекеттік қызмет саласындағы заманауи сын-тегеуріндер мен шешімге қол жеткізудегі  серіктестіктің рөлі» атты халықаралық конференцияны өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шара барысында қатысушыларға әріптестіктің,  мемлекеттік қызметті дамыту мен мемлекеттік басқарудың өзіндік жүйесін дамытуға арналған  лайықты шешімдер табу ісіндегі жаһандық және аймақтық трендтердің көмегі туралы айтылды.  

Конференцияда сөз сөйлеген мемқызмет саласындағы Астана хабы комитетінің басқарушы төрағасы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуда ынтымақтастық пен серіктестікті кеңейтудің маңыздылығын алға тартты.

 «Жаһандану және жаңа технологиялардың дамуы барысында азаматтардың мемлекеттік қызметтің сапасын талап етуі үздіксіз артып келеді. Серіктестікті дамыту – мембасқару саласында қалыптасатын талаптарға жауап беру мен үздік тәжірибелерді іздеудің тиімді құралы. Серіктес -  тұрақты даму мақсатына жетудің негізгі факторы», - деді Ә. Бәйменов.

Айта кетейік, «Мемлекеттік қызметке шақырудың заманауи түрі және шешімдер жетістігіндегі әріптестік ролі» конференциясына мемқызметшілер, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Босния және Герцеговина, Грузия, Македония, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Черногория, Албания, Косово, Сербия сияқты Астана хабына қатысушы 16 елдің сарапшылары, ғалымдары қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109