2843

«Байқоңыр»: күн тәртібінде абаттандыру мәселелері

Бүгін «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Күн тәртібінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында аудан басшысы жергілікті атқарушы органдардың ашықтығына бағытталған жобалар туралы баяндады.

«Осы мақсатта біз барлық әлеуметтік желіде «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» парақшаларын аштық, сондай-ақ 109 қызмет желісіне қосылдық. Аудан тұрғындары мұнда өздерінің өтінішін білдіріп, тілегін жазады, біз оларды шешіп жатырмыз», - деді Е. Каналимов.

«Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты құрылғалы бері заңды және жеке тұлғалардан 4602 өтініш түскен. Келіп түскен өтініштерге талдау жасалғанда тұрғындарды алаңдататын мәселелер анықталған. Тұрғындар көбіне жол, көше жарығы, аулаларды абаттандыру, ТКШ мәселелері мен нөсерлі кәріз жүйесінің жай-күйіне қатысты мәселелерді реттеу бойынша өтініштерін білдіреді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Елбасы Жолдауы аясында тұрғындардың ыңғайлығы мен жайлылығы үшін атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты. Іс-шаралар білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, апатты тұрғын үйлерді сүру және мониторинг, аудан аумағын абаттандыру мен инфрақұрылымды дамыту, жарықтандыру, «Сергек»  камераларын орнату мен көгалдандыру саласында жүргізілуде.

Сондай-ақ, ол аудан аппараты жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Аудан тұрғындары әкімге ауданның инфрақұрылымын жақсарту керектігін айтты. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109