4711

«Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешенінің пайдалануға берілетін мерзімі айтылды

Астанада «Электронды үкімет» e.gov.kz порталында Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Кездесу барысында форумның қатысушылары құрылыс, қоғамдық көліктің жұмысы, жергілікті бюджеттің толықтырылуы туралы өзекті мәселелерді талқылауда.

Қала тұрғыны Мария Гареева әкімнен «Абу-Даби Плаза» нысанының құрылысы қашан аяқталатынына қатысты сұрағын қойды.

Жауапта нысанның пайдалануға берілетін нақты мерзімі көрсетілген. Атап айтқанда, сауда орталығы 2019 жылдың 30 қазанында, қонақ үй кешені – 2019 жылдың 30 желтоқсанында, тұрғын үй кешені – 2020 жылдың 30 қаңтарында тапсырылады деп жоспарлануда. Осы мерзімде 1 кеңселік ғимарат та берілуі тиіс. Ал 2 кеңсе ғимаратын 2020 жылдың 30 сәуірінде, сервистік апартаментты 2020 жылдың 28 ақпанында пайдалануға беру жоспарланған. Биік көпфункционалды кешеннің пайдалануға берілетін мерзімі – 2020 жылдың 30 маусымы.

Форумға қатысуға ниет білдіргендер e.gov.kz сайтына («Ашық диалог» - Интернет-конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы) кіре алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109