3822

Астана әкімі әлеуметтік желілердегі қала тұрғындарының өтініштеріне қатысты қалай әрекет ететінін айтты

Елордада «Электронды үкімет» e.gov.kz порталында Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Кездесу барысында форумның қатысушылары құрылыс, қоғамдық көліктің жұмысы, жергілікті бюджеттің толықтырылуы туралы өзекті мәселелерді талқылауда.

«Әлеуметтік желілерде неге белсенділік танытпайсыз? Facebook-тегі және басқа да әлеуметтік желілердегі өзіңіздің парақшаңызды қайтадан жандандыру жоспарыңызда бар ма?», - деп сұрады қала тұрғыны Мария Гареева елорда әкімінен.

Әкім өз жауабында жедел әрекет ету жүйесі қалалықтардың өтініші мен қажеттіліктерін сақтап қана қоймай, оның күшейтілетінін де айта кетті. 

«Қалалықтармен жедел кері байланыс – бұл жай ғана уақыт талабы ғана емес, менің ұстанымым. Әкімдік алдағы уақытта да дәл осылай белсенді жұмыс жасай бермек. Мен Facebook және басқа да келіп түскен өтініштерді бос уақытымда қарап шығамын», - деді Б. Сұлтанов. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109