8567

Астанада теміржол жолдары арқылы өтетін көпір салу жоспарлануда

e.gov.kz электрондық үкімет порталы Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өткізіп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Тұрғындар қала әкімінен: «Лесозавод ауданы бағытында теміржол жолдары арқылы өтетін көпір салу жоспарда бар ма?», – деп сұрады («Өндіріс» тұрғын үй алабы).

«ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Астана қаласы дамуының бас жоспарына сәйкес, Угольная, Бейсеков, Қошқарбаев, Сарайшық және Ұлы дала көшелері бойына шағын айналма жол салу басталды», – деп жауап берді қала әкімі.

«Сондай-ақ, аталған жоба аясында ескі теміржол вокзалының аумағында темiржол трассалары арқылы өтетін көпір салу қарастырылған. Жоба 2020 жылға жоспарланып отыр. Сонымен бірге, жеке меншік иелерінің құрылыс үшін жер учаскелерін босатуы қажет болады», – деді әкім.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109