4360

Онлайн-форум қорытындысы: Елорда тұрғындарын не толғандырады

E.gov.kz электронды үкімет порталында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен интернет-конференция қорытындыланды, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Онлайн-форум барысында қатысушылар келесі мәселелерді талқылады: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар», «Мемлекеттiк қызметкерлердiң жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларын сақтауы», «Құрылыс индустриясын дамыту және Астана қаласының архитектуралық келбеті», «Жолаушылар тасымалы мәселелері мен автокөлік жолдарының жай-күйі», сондай-ақ «Жергiлiктi бюджет пен елорданың коммуналдық меншiгі».

Қала тұрғындары «Абу Даби Плаза» көпфункционалды кешені құрылысының аяқталуы, аумақтарды көгалдандыру, «жылы аялдамаларды» орнату, нөсерлі кәріз желісін жаңғырту, жылдам тамақтану дүңгіршектерін орналастырудың заңдылығы мәселелеріне қызығушылық танытты.

Форумға қатысу e.gov.kz порталына (электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы «Ашық диалог» – интернет-конференциялар бөлімі) өту арқылы мүмкін болды.

Келіп түскен өтініштерді талдау барысында төмендегі мәселелерді айрықша атап өтуге болады. Көлік және жол инфрақұрылымы бойынша - 19, құрылыс және тұрғын үй - 10, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - 3, кәсіпкерлік - 3, Астана әкімдігінің қоғаммен байланысы - 3, сәулет және жер қатынастары - 3, мәдениет - 3, денсаулық сақтау - 1, экономика - 1, мемлекеттік қызмет бойынша – 1 сұрақ келіп түскен.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен алғашқы интернет-конференция алты сағатқа созылды. Барлығы 47 сауал келіп түсті. Олардың барлығына мардымды жауап беріліп, мәселелердің мән-жайы түсіндірілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109