5077

Байқоңыр ауданында алғашқы ХҚКО ашылды

Астана тұрғындары үшін Байқоңыр ауданында жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы өз есігін ашты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл – азаматтардың мемлекеттік қызметті алуы үшін Астанада ашылып отырған оныншы ХҚКО. 

Байқоңыр ауданының елордадағы төртінші аудан ретінде Сарыарқа мен Алматы аудандарының біраз бөлігін біріктіргені баршаға белгілі. Аудан тұрғындарына қолайлы болу үшін ХҚКО Абай даңғылы, 80 мекен-жайы бойынша ашылып отыр.

 «Тағы бір фронт-кеңсенің ашылуы астаналықтардың мемлекеттік қызметті алуы үшін өздеріне ыңғайлы жеріне қарай ХҚКО таңдауына мүмкіндік беріп, басқа орталықтардың жұмысын жеңілдетеді. Ғимараттың алаңына бірнеше сектор орналастырылған. Атап айтқанда, бұл – жеңілдік терезесі, қоғамдық қолжетімді пункт, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, ЭЦҚ беру, көші-қон полиция қызметкерлері, касса», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов. 

 Бөлім үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, алаңы 2000 шаршы метрден асады. Мұнда операторы бар қызмет көрсететін 13 орын, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында 15 орын, ЭЦҚ беретін 4 үстел қарастырылған. 4 үстелде көші-қон қызметкерлері құжаттандыру және азаматтарды мекен-жайы бойынша тіркеу қызметін жүзеге асырады. Бұдан басқа, бөлімде кассалар бар, онда азаматтар мемлекеттік баж салығын төлей алады. Сондай-ақ, жаңа ХҚКО мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған пандуспен, жеңілдік терезелерімен, шақырту батырмасымен жабдықталған. Азаматтардың қолайлылығы үшін автотұрақ ұйымдастырылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109