3040

Халықаралық Digital Bridge Innovation форумы жұмысын бастады

Digital Bridge алаңында 50-ден астам қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйлейді. Форумды «Зерде» холдингі мен Astana Hub IT-стартапшылары халықаралық технологиялар паркінің қолдауымен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Форумға халықаралық IT қауымдастығының өкілдері, технология саласындағы танымал сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, әртүрлі елдердің мемлекеттік сектор өкілдері, цифрлық даму саласындағы мамандар, ғалымдар, сондай-ақ венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысады.

Digital Bridge  алаңында 50-ден астам қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйлейді. Олардың қатарында Startup Genome бас ди⁠ректоры Жан-Франсуа Готье, Hyperloop Transportation компаниясының бас ди⁠ректоры Дирк Алборн, Стартап академиясының кәсіпкері, кеңесшісі және жетекшісі, «Галактика» жеке ғарыштық компаниясының негізін қалаушы және меншік иесі Алия Прокофьева, Priceline Group негізін қалаушы Джефф Хоффман, Global Catalyst Partners халықаралық венчурлық капитал фирмасының төрағасы және тең құрылтайшысы Камран Элахиан бар.

Digital Bridge форумы цифрлық трансформация, электронды үкімет, технологиялық кәсіпкерлік және 4-ші өнеркәсіптік революция идеяларын ілгерілету үшін Еуропа мен Азия арасындағы диалог алаңын құратын жыл сайынғы іс-шараға айналады деп күтілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109