Елордада жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 46 жоба қаржыландырылды
Астанада 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік пен нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
«2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік пен нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақытттан бері Астана қаласы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті микроқаржыландыруға 992 млн.тенге тенге бөлінді», - делінген Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.
Бүгінгі күні аталған бағдарлама бойынша елордадада жалпы сомасы 560,4 млн.теңгеге 46 жоба қаржыландырылды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz