Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы форумы өтті
Астанада алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлер форумы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Іс-шараны «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы GreenTAL әлеуметтік шеберханасымен бірігіп ұйымдастырды.
«Биыл біз «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы ретінде бизнесті қолдау жөніндегі кеңестің жұмысын қайта қарастырдық. Алдымен оның құрамын толығымен өзгертіп, табысты кәсіпкерлерді тарттық. Осы жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік кәсіпкерлер форумын өткізу бастамасы туды. Өз компаниялары бар, қазірдің өзінде табысты бизнесмен саналатын жігіттер ісін жаңа ғана бастаған кәсіпкерлерге кеңес беріп, қолдау көрсете алатынын түсінген сияқты», – деді «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев.
Форум барысында әлеуметтік кәсіпкер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Мемлекеттік құрылым өкілдерінің қатысуымен пленарлық және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін маңызды деп саналатын тақырыптарда түрлі спикерлер баяндама жасаған ақпараттық сессиялар өтті.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz