4225

Мемлекет басшысы Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркін ашты

Жаңа технопарк инновациялық экожүйенің жаңа ядросына айналмақ. Оның қатысушылары жеңілдетілген визалық және еңбек режимін пайдалана алады. Сондай-ақ, оларға салық және басқа да жеңілдіктер ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Технопарктің базасында тәлімгерлік институты құрылады. Оның аясында сарапшылар стартап-командаларды, бизнес-періштелер клубын, венчурлық капиталистер қауымдастығымен бірге инвестициялау қорын сүйемелдейді.

Ел Президенті осында ұсынылған стартап-компаниясының R&D-зертханасымен танысып шықты.

 «Осының бәрі де таң қалдырып, мені қуантып отыр. Балалардың жетістігіне қуаныштымын. Менің ойымша, бұл тек жұмысымыздың бастамасы ғана. Біздің талантты жастарымыздың есімдері бүгінде бүкіл әлемге танымал ғалымдар мен кәсіпөойлардың аттарымен қатар айтылатынына еш күмәнім жоқ. Олардың табысы – өз идеяларын жүзеге асырған табандылық пен жігерліліктің жарқын көрінісі. Әрине, стартапты іске асыруда қаржылық қолдау маңызды», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте ол үкіметті, бизнесті, ірі мемкомпанияларды және әлеуметтік нысандарды технопарктің қатысушыларын қолдауға, солармен келісім-шартқа отыруға, олардың жұмысын коммерциялауға шақырды.

 «Бұл шара Қазақстан үшін өте маңызды. Бәріміз де әлемнің қарқынды түрде өзгеріп жатқанын білеміз. Интернет, жасанды интернет, адамзаттың барлық өмір саласына дендеп еніп келе жатқан блокчейн, осының бәрі жылдам даму тенденциясына алып келуде. Цифрландыру да бәсекеге қабілеттілікті дамытудың негізгі факторына айналды, әлемнің жетекші елдері G-20 және Еуропа елдері цифрландыру бойынша стратегиялық құжаттарды қабылдады. Олар осы саланы дамыту үшін қомақты ресурстар құюда. Бұл істерінің нәтижесі де жоқ емес», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда да аталған бағытта кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске сала кетті. Біздің республика е-мемқызмет көрсетуден ТМД елдері арасында алдыңғы қатарда. 75% азаматтардың электронды денсаулық құжаты бар, мектептердің 90% астамы цифрлық ресурстармен қамтамасыз етілген, қаржы саласында кедендік декларациялар 100 % электронды форматта рәсімделіп жатыр. Экономика саласында цифрлы, жаңа технологияларды енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. «Ақылды» қаланы енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инновациялық кластерлер, Ақпараттық технология парктері, Назарбаев университеті жұмыс істейді.

 Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі экожүйенің ядросы болуға әбден лайық.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109