3139

Боб Дорф стартаптарға «еркіндік» беруге кеңес берді

Бүкіл әлемге танымал кәсіпкер, «Стартап: настольная книга основателя» бестселлерінің тең авторы Боб Дорф Қазақстанның жоғары технологиялар мен цифрлық дамуға ұмтылып жатқанын жоғары бағалады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құрметті қонақ Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің ашылу салтанатына қатысты.

 «Мен осы технопаркті ашу жөніндегі батыл шешімдеріңізді құптаймын. Бұл Қазақстанның көшбасшылығы мен өсуін көрсететін керемет фактор. Бұл шараға қатысу, ЭКСПО өткен ғимаратта болу мен үшін үлкен құрмет. Біз осында Астана стартаперлері үшін ең маңызды жобаларын іске қосамыз, бұл орын жаңа таланттарды, жаңа компанияларды әлемге танытып, оларға өз өнімдері мен қызметін барлық әлем бойынша сату мүмкіндігін сыйлайды», - деді ол.

Сарапшы бірнеше кәсіби кеңестер берді.

 «Естеріңізде болсын, стартаперлер – табысты корпорациялар емес, олар әлі де аяққа тұрмаған компаниялар. Стартаперлер заң үстемдігі бар жерде ұзақ жасай алмайды. Оларды тым қатал реттеу мен салықтан босатып, еркіндік беріңіз. Оларға о бастан өсуге және Қазақстанның жарқын жастарының өкілі болуға мүмкіндік жасаңыз. Салық төлеушілер Қазақстан экономикасына одан да көп ақша бере түсіп, корпорацияның негізін қалаушылар тәлімгер атануы, Қазақстанның келесі «айтишник» ұрпағына ұстаз болуы да маңызды», - деп түйіндеді сөзін сарапшы.  

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі жұмысына бүгін баста берген болатын. Жаңа технопарк жаңа инновациялық экожүйенің ядросына айналмақ. Оның қатысушылары жеңілдетілген визалық және еңбек режимін пайдалана алады. Сондай-ақ, оларға салық және басқа да жеңілдіктер ұсынылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109