2679

«Байқоңыр» ауданында қандай мәселелер көтерілді?

«Байқоңыр» ауданы әкімінің «Өндіріс» тұрғын алабы, «Кирпичный» және «Казгородок» секторларында тұратын халықпен есептік кездесуі аяқталды деп, хабарлайды Астана қалаласы әкімдігінің ресми сайты.

27 қазаннан 3 қараша аралығында аудан тұрғындарымен 7 кездесу өтті.

Кездесу барысында Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары, аудан әкімі аппаратының құрылғаннан бергі атқарылған жұмыстарының қорытындылары және 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Жиындарға барлығы 1000-нан аса азамат қатысты. Айтылған өтініштер бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Тұрғындарды көбіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолдар сапасы, аулаларды, саябақтарды және гүлзарларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыруға қатысты сұрақтар мазалайды. «Бірлесе әрекет жасаған уақытта, проблемалық сұрақтардың саны азаятынына сенімдімін. Сондай-ақ, тұрғындардың ерекше белсенділігін атап өткім келеді»,- деп жазды аудан әкімі Ерлан Каналимов Facebook-тегі парақшасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109