5335

Астанада жылына 24 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кешен салынады

Ірі ауқымдағы жоба азық-түлік белдеуін күшейте түсуге, сондай-ақ, Қазақстанның мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астанада жер учаскесі түріндегі мемлекеттік табиғи грантты ұсынуға қатысты алғашқы инвестициялық келісім-шарт бекітілді.

Астанада инвестицияны мемлекеттік қолдау шеңберінде «Астана қ. жоғары технологиялық ет өңдейтін кешеннің толық циклі» инвестициялық жобасын іске асыру үшін елорда тарихында алғаш рет жер учаскесі түріндегі мемлекеттік табиғи грантты ұсынуға қатысты алғашқы инвестициялық келісім-шарт бекітілді.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында Астанада заманауи, жоғары технологиялық ет өңдейтін кешен салынады. Бұл қаланың азық-түлік белдеуін нығайтуға, аймақтағы экологиялық таза және балғын ет өнімі өндірісі мен оны өңдеу көлемін ұлғайтуға, Қазақстанның мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы жоба шеңберінде 80-нен астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаның болжамдық құны 3,6 млрд теңге; өндірістік қуаттылығы жылына 24 мың тонна ет және ет өнімдерін құрайды.

Жоба шеңберінде өндірістің толық циклін ұйымдастыру жоспарлануда – союдан бастап дайын өнімге дейін: ет деликатестері (қазы, шұжық, карбонад, филе, тауық еті, кесінділер, төс еті және басқа.); стейктер (Tenderloin steak, Rib eye roll steak, Striploinsteak, Top blade steak, Flank steak, Machete steak, Trytipsteak, Hanger steak, Topside steak және басқасы.); шұжық өнімдері (сүрленген, жартылай сүрленген, шикідей сүрленген, ысталған-пісірілген, пісірілген шұжық, сосиска және сардельки және басқасы.); консервіде жасалғандар («АНГУС» бұқтырылған еті», «Қарақұмық қосып бұқтырылған сиыр еті», «Туристің таңғы асы», «Күріш қосылған сиыр еті», «Бұқтырылған жылқы еті» және басқасы.);  жартылай фабрикаттар (котлет, гамбургер, тұшпараның 7 түрі, тефтель, голубцы, панировкадағы тауық қанаттары, варениктер және басқасы.).

Өндірісте еуропаның жетекші өндірістерінің жоғары технологиялық заманауи құрал-жабдықтары пайдаланылады. Атап айтқанда, бұл «BANSSAustria» (Австрия) – сою желісі, ірі қара мал, қой, жылқы және басқасы др., «Germany Freund» (Германия) – мал союға арналған құрал-жабдық және етті сүйегінен ажырататын цех және премиум класты ет өнімдері, «ROSERGROUP» - «OgalsaSpain» ет деликатесін өндіру, «Maschinenfabrik Seydelmann KG» (Германия) - европалық озық өндірушілердің машинасы және ет өнімдерін өңдеуге арналған құрылғы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109