5038

Олжас Сартаев: Инвесторлар елді емес, өмір суруге және жұмыс істеуге жайлы қаланы таңдайды

Осындай пікірді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде өткен «SMART CITY: Өмір сапасын жақсартуға арналған инновациялық шешімдер» лекциясы барысында айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Оның айтуынша, уақыт өте келе аяқтан жайлап тұру үшін астананың интеллектуалдық әлеуетін дамытып, күшейту қажет.

«Астана – тек қана академиялық классика мен сәулет өнерінің жаңартылған модерні, Шығыс пен Батыстың гармониялық синтезі ғана емес, ол экономика мен елдің қаржы орталығының әрі hi-tech Smart City-дің де драйверлік қозғаушы күші. Бүгінде Астана – мойындалған жаһандық орталықтардың бірі», - деді «Астана Innovations» басшысы.

Ол сондай-ақ бүгінде барлық әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекелесіп жатқанын айта кетті. Олар елді емес, қайда жайлы өмір сүріп, жұмыс істеуге болатын қаланы таңдайды.

«Сол себепті Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында Астана тәжірибесінің негізінде «смарт ситидің» «эталонды» стандартын қалыптастыру қажет және Қазақстан қалалары арасында тәжірибе алмасу мен үздік істерді таратуды бастау керек. «Ақылды қала» аймақтағы дамудың локомотивіне айналып, инновацияны кеңінен таратады және елдің барлық өңіріндегі өмір сапасын жақсарта түседі», - деп түйіндеді спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109