3292

Астанада «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі өз мәресіне жетті

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Жас ұлан – 2018» атты ХХ республикалық әскери әндер фестивалінің қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.   

«Жас ұлан – 2018» әскери әндер фестиваліне 400-ге жуық конкурсант қатысты. Олардың арасында барлық түрлер мен әскер тектерінің әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының курсанттары мен тәрбиеленушілері, сондай-ақ мектептердің дарынды оқушылары, студенттер, республикамыздың барлық өңірлерінен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері қатысты.

Әділқазылар алқасы орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарды үш номинация бойынша бағалады. Ол: вокалдық орындау, фольклорлық-аспаптық жанр, хореографиялық композиция. Одан басқа, үздік орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар анықталды.

Байқау нәтижелері бойынша үздік вокалист номинациясында бірінші орын Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты Үлан Икишевке берілді. Үздік фольклорлық өнер көрсету номинациясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ансамблі бірінші орынды иеленді. Хореографиялық композиция номинациясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Патриот» би тобы бірінші орынды еншіледі.

ХХ республикалық «Жас ұлан – 2018» әскери әндер фестивалінің бас жүлдесін ҚР Қорғаныс министрі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының көркемөнерпаздар ұжымына табыстады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109