3832

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы дүйсенбіден бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

2018 жылдың 12 қарашасынан бастап «Астана LRT» ЖШС орталық кассасы өз мекен-жайын өзгертеді. Кассаның жаңа мекен-жайы: Қошқарбаев көш., 50/1, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды.

Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен, сондай-ақ   ауқымды күту залы; заңды тұлғалар үшін жеке қызмет көрсету аумағы; қызмет көрсету терезелерінің көптігі, балаларға арналған ойнау бұрышының ұйымдастырылуы сияқты артықшылықтары бар.

Орталық касса дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08: 30-дан 18: 00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана LRT» ЖШС-нің орталық кассасында қолма-қол қаражатты қайтаруды жүзеге асыра аласыз. Сондай-ақ, мұнда жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарының дубликаты беріледі.

Жаңа мекен-жайға қатынайтын бағдарлар: №3, №20, №41, №47, №21, №33, №107(экспресс), №100(экспресс). Аялдамалар: "Тұрсын Астана" Т/К және "Барыс" Т/К

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109