3860

Бақыт Сұлтанов әдеп жөніндегі уәкілді таныстырды

12 қарашада аппараттық кеңесте елорда әкімі Бақыт Сұлтанов әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған Руслан Сегізбаевты таныстырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Руслан Рахметұлы Сегізбаев 1976 жылдың 27 қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ол 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2008 жылы Еуразиялық нарық институтын тәмамдаған болатын. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Статистика агенттігінің ауыл, орман және су шаруашылығы статистикасы басқармасы сараптама және есептік жұмыстар бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады. 2007 жылы Руслан Сегізбаев ҚР Статистика агенттігінің ұлттық есеп жүргізу департаменті экономикалық баланс және құрылымдық статистика басқармасы құрылымдық статистика бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.                                            

2009 жылы – ҚР Статистика агенттігінің тіркелімдер мен топтастыру департаменті әлеуметтік тіркелімдер басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды. 2012 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығының сарапшысы қызметіне тағайындалды. 2014 жылы ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, сол жылдың қазанынан ҚР Қаржы министрлігі есептілік және статистика департаменті директорының орынбасары болды. 2016 жылы ҚР Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры қызметіне тағайындалған болатын. 2017 жылдың шілдесінен ҚР Қаржы министрлігі Персоналды басқару және стратегия департаментін басқарды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109