3778

Елордада жаңа өрт сөндіру кешені пайда болады

Дүйсенбіде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде  баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елордалық әкімдіктің өрт сөндіру бекеттеріндегі оң тәжірибесін атап өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, елордада жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт сөндіру кешені салынады.

«Оң мысал ретінде Астана, Шымкент және Атырау облыстары әкімдіктерінің жұмысын атап өтуге болады. Онда жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт сөндіру кешенінің құрылысы жүріп жатыр», – деді ол.Ішкі істер министрінің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 422 өрт сөндіру бекеті бар. Олардың жартысынан көбі заманауи талаптарға сәйкес келмейтін ғимараттарда орналасқан. 23-і апатты жағдайға болса, көпшілігі жалға алынған ғимараттарда жұмыс істеп тұр. Заңмен талап етілген стандарттарға сәйкес, қосымша 137 өрт сөндіру кешенінің құрылысы қажет. Оның 111-і қалалық, 23-і ауылдық жерлерде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109