3799

Астанада үздік стартап-жобалар таңдалды

Елордада инновациялық эко-мәдениетті дамытуға арналған үш күндік стартап-марафон аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Қаладағы оң әлеуметтік және экологиялық өзгерістерді талпындыратын іс-шараны Астана әкімдігі мен «Astana Innovations» АҚ бірлесіп ұйымдастырды.

«Астана Innovations» АҚ-ның  басқарма төрағасының орынбасары Алмаз Амирзинов атап өткендей, Startup Weekend Astana  Innovation Challenge шеңберіндегі осы жылға жоспарланған іс-шаралардың қорытындысы іспеттес. Байқау тұрақты дамуға бағытталған.  

Байқау барысында 26 топ құрылды, ал менторлар және мамандар қатысушыларға жобаларын жасауға кеңес беріп, көмектесті. 10 топ қазылар алқасына өздерінің ПИК саласындағы проблемаларды шешуге, пластикалық қалдықты және қоқысты қайта өңдеуге, су ресурстарын және энергияны үнемдеуге байланысты жобаларын ұсынды.

Қазылар алқасы 500 мың теңгелік жүлдесі бар бірінші орынды  нейросетті қолдана отырып, қоқысты жинаудың автоматтандырылған жүйесін құрастырған EasySor командасына берді. 300 мың теңгелік екінші жүлдеге пайдаланған баннерлерден сөмке және басқа заттарды тігуге арналған  ReGoods командасының жобасы лайық деп танылды.  Ал, 200 мың теңгелік жүлде қоры бар үшінші орын пластикті қолдана отырып пуфты толтырғыш жобасын ұсынған Eco Poof командасына бұйырды.  

Сонымен қатар, «ақылды» үйге мультисенсорлы датчик жобасын ұсынған Argus пен үйде 4 датчик арқылы: температура, ылғалдылық, газдану және қозғалысты анықтайтын мультисенсорлы автоматты ақпарат жинауды ұсынған Baspanasense командасы BeInTechVentures-те үш айлық тәжірибеден өтуге арналған сертификатқа ие болды.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109