2914

Астанада «1С» бизнес-форумы өтеді

Бағдарламалық өнімдерді жасайтын жетекші компанияларының 300-ден астам менеджері мен халықаралық IT-индустриясының өкілдері заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін талқылайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

14 қарашада Қазақстандағы «1С» өкілдері «1С» бизнес-форумын өткізеді, онда ірі ІТ-компаниялар мен бағдарламалық өнімдерді жасайтын жетекші компаниялар жобаларды іске асырудағы тәжірибелерімен, шығындарды азайту, жаңа цифрлық технологияларды пайдалана отырып, пайданы ұлғайтудың жолдарымен бөліседі.

Спикерлер цифрлық мемлекет, цифрлық экономика және инновациялық технологиялар тақырыбында ой қозғайды. Іс-шараның қонақтары мемлекеттің неліктен бұлтты жүйеге көшіп жатқанын, электрондық бюджеттің қажеттілігі неде, білім беру, медицина және ауыл шаруашылығындағы цифрлық жүйе туралы мәселелерді саралайды.  

Форумның әр қатысушысы жеке сараптамалық кеңестер алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, іс-шара барысында 1С инновациялық технологиялар мен серіктестердің көрмесі өтеді.

Форум Достық көшесі 16 мекен –жайы бойынша орналасқан «The Ritz-Carlton, Astana» қонақ үйі сағат 9:00-де басталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109