5206

Астана мектептерінде заманауи білім беру кеңістіктері ұйымдастырылуда

№ 49 мектепте «Қошкетану», «Qazaq star»,  «Astrofizika», «Biozone», «Сенім» және «Smart zone» шығармашылық аймақтары құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

№ 49 орта мектептің оқытушылары мен оқушылары бүгін ерекше қуанышты. Олар заманауи білім беру процесінің заманауи жағдай жасау тәжірибесімен бөлісу үшін қонақтарын күтуде.

«Балалардың жобалау-зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында заманауи білім беру процесінің барлық талаптарына жауап беретін жеке аймақтарды ұйымдастырып отырмыз. Ашық алаңдарда балалары ғылыммен айналысып, ән шырқайды, зерттеу жүргізеді, медиация мен психология сияқты салаларда өз білімін ұштайды. Бұл жерде олар өз білген-түйгенін ортаға салып, өзара тәжірибе алмаса алады, бірі-бірімен ақылдаса алады. Жеке аймақтарда балалар оқудан тыс уақытында өз білімін жетілдіреді», - дейді мектеп директоры Данара Джумартова.

Барлық аймақ қажетті техникамен, құралдармен жабдықталған.

Мәселен, «Biozone» аймағында аквариум мен түрлі өсімдіктерді көруге болады. Бұл жерде биотехнологияның гидропоника, аквапоника сияқты салаларындағы нағыз тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп жатады.

Бұдан басқа, шара қонақтары үшін «Заманауи білім беру кеңістігіндегі форматты бағалау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Оның шеңберінде ашық сабақтар мен зертханалық жұмыстар, шеберлік сабағы мен тренингтер өткізілді. Ал № 49 мектеп оқушыларының ата-аналары үшін «Бала тәрбиелеуде ата-ананың белсенділігі – қоғам дамуының негізгі факторы» тақырыбында ТЕD-тренинг ұйымдастырылды. Тренингті халықаралық медиация мектебінің бас директоры Әсел Сайлаубай мен «Таңшолпан» бағдарламасының журналисі, тележүргізуші Баян Бақкелдіқызы жүргізді.

«Біздің мақсатымыз – білім беру процесі қатысушыларының жаңа ортада жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру, критерийлік бағалау кластерінің шеңберінде «ата-ана-мектеп-оқушы» үштігінің ынтымақтастығын құру. Мемлекет біздің алдымызға балаларды қосымша біліммен қамту міндетін қояды. Оқушыларымыздың 80 % қосымша үйірме, секциялармен қамтылғанын айта кеткім келеді», - деді Д. Джумартова.

Айта кетейік, қазіргі таңда осындай  білім беру аймақтары қаланың барлық мектептерінде ұйымдастырылып жатыр. Олардың әрқайсысын ерекше жоба десек, қате емес.

 

Мәтін: Әсем Мырхайдарова

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109